3 мамыр. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

7 3 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, мемлекет және саяси қайраткері Ғани Есенкелдіұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.

КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі, Париж қаласында Қазақстан Республикасының сауда уәкілі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы, Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1999 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - экология және табиғатты пайдалану мәселесі бойынша комитет мүшесі. 2000 жылдың қаңтарынан - Республикалық Ардагерлер және Қазақстан жастары спорты одағының төрағасы. 2000 жылдың маусымынан - Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы. 2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2013 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

2-дәрежелі «Достық», ТМД ПАА «Содружество» ордендерімен бес медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері.

6 3 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатаның мүшесі Михаил Михайлович БОРТНИК дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Павлодар Индустриялық институтын бітірген. Еңбек жолын Ақтау пластмас зауытында шебер болып бастаған. 1985-1989 жылдары - пластмас зауыты комсомол комитетінің хатшысы, Шевченко қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1998 жылдары - учаске бастығы, зауыттың бас энергетигі орынбасары, бас энергетик міндетін атқарушы. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, білім алу және денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және энергетика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары - Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (2012-2014), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (2014-2020). Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (2020-2022). Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

35 жыл бұрын (1988) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Ернат Архатұлы МҰХАМӘДИЕВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады. 2014-2016 жылдары — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды. 2016-2017 жылдары — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2017-2019 жылдары — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар