3 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің шығыс аймағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, онымен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейіп, найзағай ойнады.

Ал батыс өңірлерге антициклонның тарамдары әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Қостанай облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23 метрге күшейіп, таңертең және кешке тұман тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы тау маңы өзендерінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Жайық және СҚО аумағындағы Есіл өзендерінде және Еділ өзенінің атырауында көктемгі су тасқыны толқынының біртіндеп дамуы жалғасады.