3 маусым. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 3 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1923-2015) суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы ҚАЙДАРОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген. «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербург қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т.б. мультфильмдері бар.

«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1963) Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Қосманқызы ТӨЛЕНДИНА дүниеге келді.

Еңбек жолын 1984 жылы №2 Қарағанды қалалық балалар ауруханасының медбикесі болып бастаған. 1985 жылдың тамыз айынан бастап Сәтбаев қаласының тіс жөндеу поликлиникасының тіс дәрігері, 1999-2008 жылдары «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2008 жылдың қазанынан «Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс істеді.
Сәтбаев қалалық мәслихатының IV, V, VI шақырылымдарының депутаты, «Нұр Отан» депутаттық фракциясының төрағасы болған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың 1 наурызынан.

Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен бірнеше рет мараптталған, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Белсенді қызметі үшін» «Нұр Отан» партиясының, «Қазақстан Республикасының Мәслихатына 20 жыл», «Қазақстан Даңқы» медальдарымен марапатталған.

5 4 жылбұрын (1969) Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы БЕЙСЕМБАЕВдүниеге келді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолы: Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі (1986-1989); қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Алматы облысы Іле ауданы № 14 орта мектебінің «Жас талап» клубының жетекшісі (1989-1990); Алматы облысы Талғар ауданы № 14 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәнінің мұғалімі (1990-1995); Алматы облысы Іле ауданы № 12 орта мектебінің директоры (1995-1997); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі (1997-2000); Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімінің басшысы (2000-2001); Алматы қаласының қосымша білім беру орталығының директоры (2001-2006); АТУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің директоры (2006-2007); «EDTECH» халықаралық білім беру орталығының бас директоры (2006 жылдан); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (03.2020-12.2020). ҚР Білім және ғылым вице-министрі (03.2022-08.2022), ҚР Оқу-ағарту вице-министрі (08.2022-04.01.2023).

2023 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медалімен және басқа да медальдармен марапатталған; «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері.

5 3 жыл бұрын (1970) Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы ҚҰМАТАЕВдүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, стоматолог-дәрігер (1991); Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, заңгер; Шет тілдер және іскерлік мансап университетін бітірген, экономика бакалавры.

Еңбек жолы: Алматы қаласының № 4 стоматологиялық емханасында дәрігер-стоматолог; Іле ауданы Жетіген ауылдық округі әкімінің орынбасары; Іле ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (2002-2003); Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары (2003-2004); Іле ауданы әкімі аппаратының шағын және орта бизнес, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастығы (2004-2005); «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім» ММ басшысы (2005-2016); Іле ауданы әкімінің орынбасары (2016-2020).

Қазіргі лауазымында– 2020 жылғы мамырдан бастап.

4 5 жылбұрын (1978) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Амангелдіұлы САДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1999).

Еңбек жолы: Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары (2001); Бас прокуратураның бөлім бастығы; Бас прокуратураның басқарма бастығы; Бас прокуратураның департамент бастығы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы институтының директоры; Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры; ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйесі бөлімінде жұмыс істеді; «Қазкоммерцбанк» АҚ бас банкінің проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары; «Казкоммерцбанк» АҚ Алматы филиалы директорының портфель сапасын басқару жөніндегі орынбасары; «Банк РБК» АҚ проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры; «Цеснабанк» АҚ Басқарушы директоры; «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (2020-2021). Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің аппарат басшысы (2021-2022).

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар