3 наурыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 3 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

3 наурыз. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

60 жыл бұрын (1965) Парламент Сенатының депутаты Серік Жаманқұлұлы ШАЙДАРОВ дүниеге келді.

Серік Жаманқұлұлы ШАЙДАРОВ
Фото: vlast.kz

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. 1990 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде экономист біліктілігін алды.

1990-1991 жылдары «Жезқазғанмелиорация» өндірістік құрылыс-пайдалану бірлестігінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының инженері, бөлім бастығы, 1991-1992 жылдары Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі «Иртышканалстрой» тресінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының бас инженері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, трест басқарушысының орынбасары, 1992-1994 жылдары Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі «УПТК» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы қызметінде болды. 1994-1996 жылдары Жаңаарқа аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, 1996-1997 жылдары Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1997-2007 жылдары Жаңаарқа ауданының әкімі, 2007-2011 жылдары Нұра ауданының әкімі, 2011-2013 жылдары Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары Жезқазған қаласының әкімі, 2014-2017 жылдары Абай ауданының әкімі, 2017-2022 жылдары Қарағанды облысы әкімінің АӨК және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» Орденімен марапатталған.

60 жыл бұрын (1965) М. Дулати атындағы Тараз өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Қазбекұлы БАЙЖҰМАНОВ дүниеге келді.

Мұхтар Қазбекұлы БАЙЖҰМАНОВ
Фото: zhetysu.edu.kz

Талдықорған (қазіргі Жетісу) облысында туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1989 жылы Алматы облысы Көксу ауданы мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1991-2000 жылдары Талдықорған мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, декан орынбасары, деканы, 1996-1997 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкері, 2000-2001 жылдары Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушысы қызметінде болды. 2001-2011 жылдары Білім және ғылым министрлігінің аппаратында қызметкер, 2012-2018 жылдары «Азаматтық авиация академиясы» АҚ ректоры, 2020-2021 жылдары Шәкәрім университетінің ректоры, басқарма төрағасы, 2021-2022 жылдары Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры, басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

59 жыл бұрын (1966) Атырау мұнай өңдеу зауыты Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі Сәлімжан Жұмашұлы НАҚПАЕВ дүниеге келді.

Сәлімжан Жұмашұлы НАҚПАЕВ
Фото: anpz.kz

Атырау облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша, Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1983-1989 жылдары «Саратовтрансгаз» ӨБ Мақат желілік-өндірістік басқармасы технологиялық компресорлар машинисі болды. 1984-1986 жылдары әскер қатарында болды. 1989-1992 жылдары Мақат аудандық атқару комитеті Экономикалық комитетінің аға экономисі, 1992-1995 жылдары «Максат» ЖК төрағасы, 1995-2000 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2000-2003 жылдары Мақат ауданының әкімі, 2003-2005 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, 2003-2005 жылдары Жылыой ауданының әкімі қызметінде болды. 2006 жылы Атырау облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 2006-2009 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2009-2010 жылдары Атырау облысы әкімінің құрылыс, ТКШ, энергетика жөніндегі орынбасары, 2010-2012 жылдары Agip KCO менеджері, 2017-2021 жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ басқарушы директоры, төрағаның орынбасары, басқарма мүшесі қызметін атқарған.

2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, 2021-2023 жылдары

ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің хатшысы болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.

«Құрмет», ІІІ дәрежелі Сергей Радонежский орденімен, медальдармен марапатталған.

42 жыл бұрын (1983) «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Батырбекұлы МУСИН дүниеге келді.

Бағдат Батырбекұлы МУСИН
Фото: cpfed.kz

Павлодар облысында туған. 2004 жылы С. Демирел атындағы университетті «Есептеу техникасын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2004-2007 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда АT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары, 2004-2007 жылдары «AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант, 2007-2010 жылдары Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары Байланыс және ақпарат министрлігінде Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2011-2014 жылдары Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды.

2018-2019 жылдары Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы, 2019-2020 жылдары АТ-кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да АT-стартаптардың тең негізін қалаушы, 2020 жылы ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, 2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары қызметінде болды. 2020-2024 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қызмет атқарды.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

37 жыл бұрын (1988) Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Жолдасбекұлы КҮРЕНКЕЙ дүниеге келді.

Азамат Жолдасбекұлы КҮРЕНКЕЙ
Фото: Gov.kz

Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, құқықтану (магистратура).

Еңбек жолы: 2010 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі қызметінде болды. Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі; Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының басшысы; Астана қаласы прокуратурасының прокуроры; Бас прокуратура департаментінің прокуроры; Алматы облысы прокуратурасы басшысының орынбасары; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры қызметін атқарған.

2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

34 жыл бұрын (1991) VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрсұлтан Төленұлы БАЙТІЛЕСОВ дүниеге келді.

Нұрсұлтан Төленұлы БАЙТІЛЕСОВ
Фото: strgcdn.finance.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған. 2009 жылы Қазақ Гуманитарлық-заң университетінің Гуманитарлық-заң колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Заңтану» мамандығы бойынша бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолы: 2009-2011 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, 2011 жылы Астана қаласы Алматы аудандық сотының сот отырысының бас маман-хатшысы, 2011-2012 жылдары «Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ кадр жұмысы бөлімінің сот орындаушысы, 2012-2013 жылдары «Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы, 2013-2015 жылдары «Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ басшысының орынбасары, 2016 жылы «Павлодар облыстық сотының кеңсесі» ММ Басшысының орынбасары -«ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты)» ММ Жергілікті соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамсыз ету және кеңсе бөлімінің құжат айналымы секторының Бас консультанты, 2016-2018 жылдары «Әскери сот әкімшілігі» РММ басшысы, 2018 жылы ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты)» ММ Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2018-2020 жылдары «Шымкент қаласы Соттар әкімшісі» РММ басшысы, 2020-2023 жылдары «ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты)» ММ басшысының орынбасары, 2023-2024 жылдары «ҚР Сот әкімшілігі» ММ басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар