3 наурыз. Тұлғалар туған күн
5 8 жыл бұрын (1965) Парламент Сенатының депутаты Серік Жаманқұлұлы ШАЙДАРОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. 1990 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде экономист біліктілігін алды.
1990-1991 жылдары – «Жезқазғанмелиорация» өндірістік құрылыс-пайдалану бірлестігінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының инженері, бөлім бастығы. 1991-1992 жылдары – Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі «Иртышканалстрой» тресінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының бас инженері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, трест басқарушысының орынбасары. 1992-1994 жылдары – Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі «УПТК» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы. 1994-1996 жылдары – Жаңаарқа аудандық әкімшілік басшысының орынбасары. 1996-1997 жылдары – Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997-2007 жылдары – Жаңаарқа ауданының әкімі. 2007-2011 жылдары – Нұра ауданының әкімі. 2011-2013 жылдары – Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. 2013-2014 жылдары – Жезқазған қаласының әкімі. 2014-2017 жылдары – Абай ауданының әкімі. 2017 жылғы маусымнан бастап – Қарағанды облысы әкімінің АӨК және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» Орденімен марапатталған.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
58 жыл бұрын (1965) М. Дулати атындағы Тараз өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Қазбекұлы БАЙЖҰМАНОВ дүниеге келді.
Талдықорған (қазіргі Жетісу) облысында туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолы: Алматы облысы Көксу ауданы мектебінде математика пәнінің мұғалімі (1989); Талдықорған мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, декан орынбасары, деканы (1991-2000); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкері (1996-1997); Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушысы (2000-2001); Білім және ғылым министрлігінің аппаратында қызметкер (2001-2011); «Азаматтық авиация академиясы» АҚ ректоры (2012-2018); Шәкәрім университетінің ректоры, басқарма төрағасы (2020-2021); Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры, басқарма төрағасы (2021-2022).
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
40 жыл бұрын (1983) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы МУСИН дүниеге келді.
Павлодар облысы Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Еңбек жолы: 2011 және 2012 жылдар аралығында БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2014 жылдың тамызында «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне кірісті. 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті төрағасы болып тағайындалды. 2019-2020 жылдары ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
35 жыл бұрын (1988) Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Жолдасбекұлы КҮРЕНКЕЙ дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, құқықтану (магистратура).
Еңбек жолы: Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі (2010 ж.); Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі; Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының басшысы; Астана қаласы прокуратурасының прокуроры; Бас прокуратура департаментінің прокуроры; Алматы облысы прокуратурасы басшысының орынбасары; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары (02.2019 - 04.2019); Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры (2019-2022).
2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.