3 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі. 

Жол
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Жетісу облысы – 1 учаске:
1. «Ұшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;
Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді (боран, жолдың көрінбеуі). 

Ақмола облысы -1 учаске:
1. «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.;
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ). 

Қарағанды облысында -1 учаске:
1. «Екатеринбург - Алматы».1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ). 

Қазіргі уақытта , Республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты