3 сәбидің мәйіті тоңазытқыштың ішінен табылды

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Германияның Гессен жерінде полиция қызметкерлері үйлердің бірінен, тоңазытқыштың ішінен 3 сәбидің мәйітін тапты.

3 сәбидің мәйіті тоңазытқыштың ішінен табылды

Қазіргі уақытта темір тордың ар жағында отырған олардың анасы нәрестелердің өліп туғандығын айтуда. 

Бейкүнә 3 сәбидің мәйіті полиция қызметкерлерімен Ланггенс ауылындағы үйлердің бірінде орналасқан гараждан және жертөледен табылған. Жергілікті тәртіп сақшылардың сөзіне қарағанда, нәрестелер тоңазытқыштың ішінде жатқан. Прокурор мәлім еткендей, балалардың мәйіті тоңазытқыштың ішінде бірнеше ай бойы сақталып тұрған. 

 Кейін анықталғандай, пәтер жалдап тұрған әйел алаяқтық әрекеті үшін 6 жылға сотталған, деп хабарлады "Интерфакс" . Тергеу кезінде ол табылған балалардың анасы екендігін растады. Оның сөзіне қарағанда, олар өліп туылған. Әзірге осы оқиғаға байланысты әйелге ешқандай айып тағылған жоқ, деп хабарлады дни.ру.