3 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 3 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.
3 СӘУІР, БЕЙСЕНБІ
Штрих-кодтың дүниеге келген күні.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
8 1 жыл бұрын (1933) БКП (б) Аймақтық комитетінің кейбір құрылымдардағы іс-қағаздарды жүргізу барысын толықтай қазақ тіліне көшіруді қарастырған қаулысы жарық көрді. Олардың қатарына Қазақ Республикасының Орталық атқару комитеті, Денсаулық сақтау жөніндегі халық комиссариаты, Ағарту халық комиссариаты, Әділет халық комиссариаты (Жоғарғы сот пен прокуратура) және Жұмысшы-шаруа милициясы кірді.
1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық саясат жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды.
1 7 жыл бұрын (1997) Семей қаласындағы Ленинград көшесіне әнші Жәнібек Кәрменовтің есімі берілді.
1 6 жыл бұрын (1998) Америка Құрама Штаттарының Атланта қаласында әлемдегі ең үлкен коктейль балмұздақпен газдалған судан жасалды. Коктейльдің жалпы көлемі - 9480 литр.
1 5 жыл бұрын (1999) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия - біздің ортақ үйіміз» атты кітабы жапон тілінде жарық көрді.
1 2 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды.
8 жыл бұрын (2006) Германияның Зоесте қаласында Исламды зерттеу жөніндегі институттың қызметкерлері түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұрағаттан иврит тіліне аударылған Құран кітабын тауып алды. Аударма осыдан 150 жыл бұрын жасалған. Кітап Лейпцигте басылып шыққан.
7 жыл бұрын (2007) Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттердің «Сыр орманы. Болашақ» қоғамдық бірлестігі құрылды. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруына қатысу болып табылады.
6 жыл бұрын (2008) Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпір пайдалануға берілді. Қалқымалы көпір Отырар ауданының Балтакөл ауылдық округының жағалауын біріктірді. Оның негізі - 37 арнайы қайық. Олар өзен үстіндегі жолды ұстап тұрады, сондықтан оған судың көтерілуі, не бәсеңсуі көпірдің қызметіне кедергі жасамайды. Көпірдің ұзындығы - 110 метр, ені - 4,5 метр.
6 жыл бұрын (2008) Оңтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан» ХДП мүшелері және жауынгер-интернационалистер Батырлар аллеясын құрды. Батырлар аллеясы Мақтаарал ауданының Атакент ауылында жасалған.
5 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына қол қойды.
5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 2010-2015 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасы дамуына көмек көрсету жөніндегі шеңберлі бағдарламасына (ЮНДАФ) қол қойылды.
2010-2015 жылдарға арналған аталмыш бағдарлама бес жылда бір рет қабылданады. ЮНДАФ - Қазақстан - БҰҰ ынтымақтастығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті Қазақстанның басым мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ даму саласындағы басқа да халықаралық міндеттемелер аясындағы мәселелерді шешудегі БҰҰ жүйесімен бірлескен, келісілген және ықпалдасқан көмек көрсету болып табылады. Ынтымақтастықтың негізгі стратегиялық құжаты болғандықтан, ЮНДАФ БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ЮНИФЕМ, ЮНЭЙДС сияқты БҰҰ-ның арнайы құрылымдарымен қарым-қатынастың жалпы бағытын айқындайды.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлім етті.
«Қазпошта» АҚ «PostEurop» қауымдастығының келісімімен «Еуропа» сериясының маркаларын шығаруға 2005 жылы қосылған болатын.
Жаңа маркаларда Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген. Әрқайсысы 230 теңге тұратын маркалардың пішіні - 33х27,5 мм, таралымы - 150 мың дана. Олар Қытайдың Пошта және телекоммуникация министрлігінің Бейжіңдегі пошталық төлем белгілері фабрикасында басылып шыққан.
ЕСІМДЕР
9 9 жыл бұрын (1915-1942) ақын ЖҰМАҒАЛИЕВ Абдолла дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.
Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институт) бітірген.
1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы) баспасында редактор болған. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Таңдамалы өлеңдері», «Өшпес жалын», «Өлмес өмір дастаны» атты жинақтары жарық көрді. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмалары бар.
Ақын Лермонтовтың, Низамидің, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қасым Аманжолов ол туралы «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды.
9 4 жыл бұрын (1920-1994) орыс әдебиетінің классигі, прозаның шебері және стилист, киносценарист НАГИБИН Юрий Маркович дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Әскери тілші ретінде Сталинградта, Ленинград түбінде, Минск, Вильнюс, Каунасты азат етуге қатысты.
Өз новеллаларында ұлы адамдардың өмірбаянын трагедиялы түрде көркем бейнелей білді. «Майданнан қайтқан адам», «Үлкен жүрек», «Екі күш», «Адам және жол», «Алыс пен жақын», «Ерте көктемде», «Менің алтын енем», «Қызыл басты жасыл құс» секілді прозалық шығармалар жинағының авторы. Сонымен қатар «Құбыр» және «Қысқы емен» әңгімелерімен де танымал. «Төраға», «Директор», «Қызыл шатыр», «Түнгі қонақ» фильмдерінің сценариін жазған.
6 8 жыл бұрын (1946) ақын, жазушы, аудармашы, сыншы АЛДАМЖАРОВ Бекділдә дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Лениншіл жас» газетінде (қазіргі «Жас алаш»), «Жазушы» баспасында, Қазақ теледидары музыка редакциясында жұмыс істеген. Қазір «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Оның «Нөсер», «Жыл мезгілдері», «Айлы түндер», «Нұр мен түнек», «Іздедім сені», «Мизам айы», т.б. өлеңдер кітабы, «Қара нөсер», «Жықпыл», «Ұлы сел», т.б. романдары жарық көрген. Ол Фирдоусидің «Шахнама» эпосының «Мәнушеһір» және «Кей Хосроу» дастандарын, грузин шайыры Отар Челидзенің балаларға арналған «Алхан мен Шалхан» дастанын және Александр Пушкин, Александр Блок, Пабло Неруда, Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Сын жанрында да қалам тартқан.
6 1 жыл бұрын (19653) ҚР еңбегі сіңген әртісі МЫРЖЫҚБАЙ Кенжеғали Тұрсынбекұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының вокал-хор факультетін (1981) опера әншісі, концөрттік әнші, педагог мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Алматы өнер академиясының музыкалық спектакльдер режиссурасы факультетін (1996) музыкалық режиссер мамандығы бойынша бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (1997 жылдан); өнертану профессоры (2003 жылдан). 10-нан астам мақаланың авторы, бұқаралық ақпарат құралдарына көптеген сұхбат берген. Оның қатысуымен болған 6 опералық спектакль және 3 жеке концерт Қазақстандық радио және телевизия алтын қорына енгізілді. « Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1981 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. 1996 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінің доценті, профессоры. 1997 жылдан - Ақмола мемлекеттік филармониясының директоры, көркемдік жетекшісі. 1998 жылдан - Астана қалалық Музыка академиясы жеке ән орындау кафедрасының меңгерушісі. 2007 жылдан - ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы. 2009-2012 жж - ШҚО Мемлекеттік филармониясының директоры.
56 жыл бұрын (1958) композитор, Қазақ ұлтттық музыка университетінің бірінші проректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕРКІМБЕКОВ Серік Жексембекұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қазақстан Композиторлар одағының аға консультанты болып бастаған. 1986-1998 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы. 1998-2007 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы болған. Композитордың «Мәңгілік алау» балеті, оркестр мен фортепьяноға арналған концерті, органға арналған «Шығыс аспаны» музыкасы, «Шолпы», «Тас аруақ» хореографиялық билері, «Жұлдыздар аңыздары» аспаптық сюитасы, бірқатар романстары мен әндері бар. Сондай-ақ ол бірқатар спектакльдер мен кинофильмдерге арнап музыка жазған.
4 7 жыл бұрын (1967) ҚР Самбо федерациясының президенті ОҢДАҒАНОВ Мүсілім Оңдағанұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірді, дене шынықтыру және спорт мұғалімі, қаржы бакалавры. Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткеннен кейін еңбек жолын Тайпақ ауданы Тайпақ ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметінен бастап, кейін мектеп директоры лауазымында жалғастырды. Самбо және қазақша күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1998 жылдың қаңтар айынан бері Қазақстан Республикасының самбо Федерациясының президенті. 2002 жылдың шілдесінен Батыс Қазақстан облыстық туризм және спорт басқармасының басшысы. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Құрмет» орденімен марапатталған, самбодан ҚР спорт шебері, самбодан ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақша күрестен ҚР спорт шебері.
4 5 жыл бұрын (1969) жазушы, әдеби редактор, суретші «Книголюб» әдеби журналының бас редакторы КАЛАУС Лейля дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Қазақстан-Дебют» әдеби конкурсы І сыйлығының лауреаты.Суреттері «Аполлинарий», «Простор», «Нива» журналдарында, сондай-ақ «Кіші жібек жолы» (Ташкент» альманағында, «Чайка» (АҚШ) журналдарында жарияланған. Бірнеше кітаптары жарық көрді.
3 8 жыл бұрын (1976) Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі ЕЛЕУСІЗОВ Мәди Қанатбайұлы дүниеге келді.
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген. 1997-2009 жылдары - «Южбозой» акционерлік қоғамының, Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасының экономисі. 2009-2010 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың сәуірінен бастап істейді.
2 9 жыл бұрын (1985) Н.А.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ТІЛЕНДИЕВА Динара Нұрғисақызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бері.
15 2 жыл бұрын (1862-1945) ресейлік кескіндемеші және график ПАСТЕРНАК Леонид Осипович дүниеге келді.
6 6 жыл бұрын (1948) ресейлік дәрігер, жұлын зақымдануынан кейінгі оңалту әдістемесінің авторы ДИКУЛЬ Валентин Иванович дүниеге келді
6 6 жыл бұрын (1948) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі НОСИК Владимир Бенедиктович дүниеге келді.
5 3 жыл бұрын (1961) американдық киноактер, продюсер, әнші Эдди МЭРФИ дүниеге келді.