3 сәуір. Күн райының болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» 3 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Павлодар, Атырау облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Соңғы жаңалықтар