3 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де Ұлттық музейде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

11.00-де Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Адам саудасына қарсы күрес шаралары туралы» брифинг өткізеді. Спикер: Нұрмағамбетов Қанат Базарбайұлы – ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы.

11.00-де Samruk-Kazyna Construction компаниясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде дайын жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдау туралы баспасөз брифингі өтеді.

18.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Дала дауылпазы» концерті өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.


Соңғы жаңалықтар
Референдум