3 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі әдеттегідей 3 сәуір күні ел аумағында өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

 3 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

Сағат  10-00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Отырыс барысында 2018-2022 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары  мен 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланады. Сонымен қатар 2016-2019 жылдарға арналған еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының өткен жылғы жүзеге асырылуына қорытынды шығарылады. Мұнан бөлек, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік, денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі қаралып, 2018 жылдың 1 тоқсанында инфляция деңгейі сөз болады.

Дәл осы уақытта Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уинверситетінде ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен үкрес департаменті Астана қалалық ішкі істер департаментімен бірлесіп, «Жасөспірімдер нашақорлығының алдын алу» тақырыбында интерактивті сабақ өткізеді.

Ал сағат 10-00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ерлер мен әйелдер арасында «белбеу күресінен» Қазақстан чемпионаты басталады.

Араға бір уақыт салып «Көрме» көрме орталығында KIAF ІІІ Қазақстандық халықаралық автомобиль форумы өз жұмысын бастайды. Көрме тақырыбы: Жолаушылар көлігінің болашағы.

Орталық коммуникациялар қызметінде сағат 15-00-де «Қайтарымсыз қан донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» тақырындағы ІІ Еуразиялық конгресске арналған баспасөз мәслихаты болады.

Сағат 16-00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында Астана мен Мәскеу сарапшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған брифинг-телекөмір өтеді.

Ал сағат 19-00-де Бүкілресейлік декоративті-қолданбалы және халық өнері музейінің ҚР Ұлттық музейімен бірлескен «Ұлы дала мұрасы: зерлердік өнер жауһарлары» атты көрмесі ашылады.  

АЛМАТЫ

Сағат 10-00-де My Café-де интерактивті кулинарлық кездесу өтеді. Онда америкалық саясаттанушы әрі экономист Дэвид М. Валер БАҚ өкілдері үшін арнайы ет асып береді.

Сонымен қатар сағат 10-00-де Боралдай мұнай базасында «Газпром-мұнай Қазақстан» стационардық зертханасы ашылады. Баспасөз туры барысында зертхананың бірегей құрал-жабдықтарымен танысуға және кез келген жанар-жағармайды тексеру процесін көруге мүмкіндік бар.

Адам құқығы жөніндегі  қазақстандық халықаралық бюро баспасөз орталығында сағат 11-00-де «Сегіз студент сотталды, есірткі айналымы жалғасуда» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырлады.

11-00-де Алмат қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде қаланың баспана және тұрғын үй испекциясы басқармасының өткен жылғы жұмыс қорытындысы мен биылғы жоспарларына арналған баспасөз мәлсихаты өтеді.

Ал кешкі сағат 16-00-де Kinopark 11 (Есентай) IMAX 3D кинотеатрында «Әміре» фильмінің тұсаукесері болады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

11-00-де Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев қала активімен кездесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіреді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

17-00-де Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18-22 жас аралығында студенттер мен жұмыс істейтін жастар арасындағы   WorldSkills Shygys 2018  кәсіби шеберлік халықаралық турнирінің өңірлік чемпионатының ашылуы болады.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Сағат 12-00-де А.Байтұрсынов атындағы Қотснай мемлекеттік университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бектас Бекназаров, Серік Бектұрғанов және Жеңіс Нұрғалиев студенттермен кездесіп, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіреді.