3 сәуірде солтүстік пен шығыста жауын-шашын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауынсыз болады деп күтілуде, солтүстік және шығыстың кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

3 сәуірде солтүстік пен шығыста жауын-шашын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман болады деп күтілуде.

Қостанай облысында түнде ауа райы тұманданып, көктайғақ болады, кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде қарлы боран, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз желдің қарқыны 25 м/с жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде.

Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жердерінде түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-21 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады.

Алдағы тәуліктерде батыстың және республика орталығының жекелеген өзендерінде (Жайық, Елек, Үлкен Өзен, Нұра, Есіл өзенінің бастауы) көктемгі су тасқыны күшейіп, су деңгейі біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Республиканың Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Шығыс өзендерінің көпшілігінде су деңгейлерінің ауытқуы, тау етегіндегі өзендерде су деңгейінің ұлғаюы байқалады. ШҚО-дағы Ертіс өзенінде мұздың бұзылуы, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.