3 сәуір. Тұлғалар туған күн

туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 3 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

71 жыл бұрын (1953) ҚР еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі және концерттік жеке орындаушы Кенжеғали Тұрсынбекұлы МЫРЖЫҚБАЙ дүниеге келді.

МЫРЖЫКБАЙ Кенжегали Турсынбекович
Фото: omsklib.ru

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. 1981 жылы Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының вокал-хор факультетін «опера әншісі, концерттік әнші, педагог» мамандығы бойынша, 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы өнер академиясының музыкалық спектакльдер режиссурасы факультетін «музыкалық режиссер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1981-1996 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі, 1996-1997 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, профессоры, 1997-1998 жылдары Ақмола мемлекеттік филармониясының директоры, көркемдік жетекшісі, 1998-2007 жылдары Астана Музыка академиясы жеке ән орындау кафедрасының меңгерушісі, 2007-2009 жылдары ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары ШҚО мемлекеттік филармониясының директоры, 2012 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі қызметінде.

10-нан астам мақаланың авторы, бұқаралық ақпарат құралдарына көптеген сұхбат берген. Оның қатысуымен болған 6 опера спектаклі және 3 жеке концерт Қазақстанның радио және телевизияcының алтын қорына енгізілді.

57 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Шайхоллаұлы НҰҒМАНОВ дүниеге келді.

НУГМАНОВ Амангельды Шайхуллович
Фото: avestnik.kz

1986 жылы Ақтөбе облысында туған. 1986 жылы Ақтөбе ауылшаруашылық техникумын, 1999 жылы «Қайнар» университетін, 2002 жылы Будапешт қаласындағы Халықаралық құқық қорғау академиясын, 2004 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2017 жылы Ernst & Young Business Academy (Ұлыбритания, Лондон) бітірген.

Еңбек жолы: 1988 жылы Мәртөк ауылындағы Яйсанский совхозының агроном-есепшісі, 1988-1992 жылдары Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық өсімдік қорғау станциясының агрономы, жетекші агрономы, 1992-1994 жылдары Мәртөк аудандық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, «Мәртөк» кеден бекетінің инспекторы, Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, 1994-1997 жылдары «Мәртөк» кеден бекетінің инспекторы, 1997-1999 жылдары Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы қызметінде болды. 1999-2000 жылдары «Мұғалжар» кеден бекетінің бастығы, Қандыағаш, 2000-2002 жылдары Ақтөбе облысы бойынша кеден департаментінің контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес бөлімінің бастығы, 2002-2003 жылдары ҚР Кедендік бақылау агенттігінің Кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес департаменті кедендік қорғау және режим басқармасының бастығы, 2004-2005 жылдары ҚР ҚМ ҚАЖК Кадр басқармасы бастығының орынбасары, 2005-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қарағанды ​​облысы бойынша ҚАЖК департаменті бастығының орынбасары, 2006 жылы ҚР ҚМ ҚАЖК Кадрлар басқармасының бастығы, 2006-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖК басқармасының бастығы, 2008-2009 жылдары ҚР ҚМ Астана қаласы бойынша ҚАЖК басқармасының бастығы, 2009-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК басқармасының бастығы, 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Павлодар облысы бойынша ҚАЖК басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары Басқарушы директор «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма мүшесі, 2013-2018 жылдары «БҚО бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы, 2018-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі МКҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі МКҚК Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, 2020-2021 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, 2021-2023 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

«10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Кедендік одақ құруға қосқан үлесі үшін», Мәскеу (2012), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Ерен еңбегі үшін» (2020) медальдарімен; «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен (2016 ж.) марапатталған.

42 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Юлия Федоровна ЭНГЕЛЬ дүниеге келді.

 ЭНГЕЛЬ Юлия Федоровна
Фото: ҚР Жоғары аудиторлық палатасы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында туған. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2005 жылы сол оқу орнының магистратурасын, 2007 жылы Мәскеудегі Қазіргі заманғы гуманитарлық академияны бітірген.

Еңбек жолы: 2000-2005 жылдары заңгер, заңгер, жеке ұйымдарда бас заңгер, 2005-2008 жылдары кіші ғылыми қызметкер, азаматтық, азаматтық іс жүргізу және заңнаманың басқа да сабақтас салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу секторының меңгерушісі, заң жобалау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 2008-2009 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құқықтық қамтамасыз ету және кадр қызметі бөлімінің заң кеңесшісі, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы, 2009-2016 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сектор меңгерушісі, заң бөлімі басшысының орынбасары, әкімшілік-қаржы бөлімінің, заң бөлімінің басшысы, 2016-2021 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халық ассамблеясы 20 жыл», «Қазақстан халық ассамблеясы 25 жыл», «Қаржы сақшысы» II, III дәрежелі медальдарімен, «Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

39 жыл бұрын (1985) Н.А. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Динара Нұрғисақызы ТІЛЕНДИЕВА дүниеге келді.

ТЛЕНДИЕВА Динара Нургисакызы
Фото: the-steppe.com

Алматы қаласында туған. 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген, халық оркестрінің дирижері.

2009 жылдан бері қазіргі қызметінде.

Музыка өнерін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды (2018). «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді (2011).

151 жыл бұрын (1873-1919) халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы-басшыларының бірі Амангелді ИМАНОВ дүниеге келген.

ИМАНОВ Амангельды
Фото: artchive.ru

Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей патшасының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің қарулы үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін бірден тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар