3-ші және 4-ші топтағы бидайдың нарықтағы бағасы қатарынан үш сауда күні бойы тұрақтылығын сақтауда

АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-ы. ҚазАқпарат - Сәуірдің 20-ы күні «Еуразиялық сауда жүйесі» (ЕСЖ) шұғыл тауар биржасының секциясында тапсырысты фьючерстік келісімшарттар бойынша ағымдағы жылдың мамыр, маусым, шілде айларының 3-ші және 4-ші топтағы бидайына кезекті сауда-саттық жүргізілді.

3-ші және 4-ші топтағы бидайдың нарықтағы бағасы  қатарынан үш сауда күні бойы тұрақтылығын сақтауда

3-топтағы мамыр айының фьючерсі бидайының бағасы дүйсенбі күнгі деңгейін сақтап, тоннасы 12 600 теңгені құрады (есептік бағасы). Маусымдық фьючерс бір тоннасына 13 000 теңгелік бағасын өзгертпеді (есептік бағасы). 3-топтағы шілделік бидай фьючерсінің нарықтағы бағасы өткендегі сауданың бағасында қалды, тоннасына - 13 450 теңге.

Цена майского фьючерса на пшеницу 4-го класса осталась без изменений по сравнению с торгами в понедельник и составила 11 550 тенге за тонну (расчетная цена). Июньский фьючерс на пшеницу этого класса не изменился в цене по сравнению с предыдущими данными и составил 11 750 тенге за тонну (расчетная цена). Котировка июльского фьючерса на пшеницу 4-го класса сохранила уровень предыдущих данных - 11 950 тенге за тонну.

4-топтағы мамыр айының фьючерсі бидайының бағасы дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда еш өзгермей, тоннасына 11 550 теңгені құрады (есептік баға). Осы топтағы маусымдық фьючерстің бағасы өткендегі бағасын өзгертпей, тоннасына 11 750 теңгені құрады (есептік баға). 4-топтағы шілделік бидай фьючерсінің нарықтағы бағасы алдындағы соманы құрап, тоннасына - 11 950 теңге болды.