3 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

3 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

11.00-де Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Вазирұлы Зулхаиров.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек сарайында» алғаш рет волейболды отырып ойнаудан (параволейбол) Азия чемпионаты басталады.

11.00-де Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві» РММ және Астана қаласы мемлекеттік архивінің бірлесіп ұйымдастыруымен Елорда күніне орай «Шежіре тұнған Елорда» атты салтанатты шара өтеді. Шара барысында Астана қаласының тарихына қатысты құнды құжаттар мен көне суреттерден құралған «Шаһар шежіресі» атты көрме ұсынылады.

17.00-де «Астана Опера» театрында Astana Opera Халықаралық опера академиясының алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтеді.

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын-Мұра» атты Қазақстанның ең үздік дәстүрлі әнші, күйші, жыршыларының мерекелік концерті өтеді.

19.00-де Жастар театрында гастрольмен келген Түркістан музыкалық драма театры «Махаббат мұнарасы» спектаклін ұсынады.

19.00-де «Номад Сити Холл» театрында «Сені сағындым...» драмасы қойылады.