3 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 3 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
09.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.
9.30-да «Hilton Astana» қонақ үйінде «Green energy & waste recycling forum» еуразиялық бизнес-форумы басталады.
10.00-де ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.
10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Жібек жолы елдерінің аймақтық интеграциясы мен іскерлік қарым-қатынасының перспективалары» тақырыбында панельдік сессия өтеді.
10.00-де «Астана ЭКСПО» павильонында «Зерде» холдингі ұйымдастырған «Отандық ІТ-шешімдердің ақпараттық күні» көрмесі өтеді.
11.00-де Қазақ ұлттық хореография академиясы музейінің салтанатты ашылуы басталады.
14.20-да «Астана ЭКСПО» павильонында Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі ІТ саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар үшін өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «QAZAQSTAN» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, Ақпараттық-аналитикалық дирекцияның директоры Ерлан Атамбай, «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин және «IGRAPHIC» ЖШС директоры Бағлан Айдашовтың қатысуымен брифинг өтеді.
17.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесі Біріккен Араб Әмірлігі және Грузия Іскер әйелдері қауымдастықтарының өкілдерімен кездесуі өтеді.
17.00-де «Rixos» қонақ үйінде Халықаралық нейрохирургиялық форумның салтанатты ашылуы өтеді.
18.30-да «Керуен» сауда ойын-сауық кешенінде «Шахмат патшалығы» 3D мультхикаясының таныстырылымы өтеді
21.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен ЮНЕСКО ұйымдастырған «The Planet of ART» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталады және «Астана бейбітшілік қаласы» деп аталатын арнайы балалар шығармашылығы альбомының таныстырылымы өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де DEPO Evolution Park-те Алматы қалалық кеңістігін түбегейлі визуалды өзгерту жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де McDonalds мейрамханасында қазақстандық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары Андрей Аршавин мен Бауыржан Исламхан тоғыз жасар Мадәлі Исабековке Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының финалына сапар жолдамасын табыстайды.
12.00-де Қазақстан пресс-клубында «Үш Қоныр Транс Сервис» ЖШС баспасөз мәслихаты өтеді.
17.00-де Алматы қаласының Жастар саясаты департаменті мен ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған алғашқы FOYA жас суретшілер фестивалі ашылады.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
10.00-де Атбасар қаласының «Болашақ» шағынауданында 45 пәтерлі жаңа екі тұрғын үйдің ашылуы өтеді.