3 шілдеде елдің басым аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кейбір аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде желдің күшеюі сақталады.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына қарағанда, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-а дейін күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай онйнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.
Алматы облысында күшті ыстық болады.
Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.