3 шілдеде «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз» атты бесінші жалпыұлттық телекөпір өтеді
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - 3 шілдеде сағат 22.00-де республикалық телеарналарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты бесінші жалпыұлттық телекөпір өтеді.
Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Әлем нарығының тұрақсыздығы кезінде ұлттық экономиканың серпінді өсімінің негізіне айналды. Екі жарым жыл ішінде 443 индустриялық жоба іске қосылып, 100 мың жұмыс орны ашылды. Елімізде 100-ден астам жаңа өнім түрі шығарыла бастады. Бағдарламаның сәтті іске асуының басты нәтижесі - жұмыссыздықтың азаюы, тауарлар мен қызмет сапасының артуы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті болуы, бизнесті ашу шарттарының жақсаруы.