3 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.30-да Абылай хан даңғылы мен Күйші дина көшесінің қиылысында Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіш ашылады.
11.30-да Қ.Сәтпаев көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің қасында атақты ғалым Қаныш Сәтпаевқа арналған ескерткіш ашылады.
11.50-де «Семья» тұрғын үй кешенінде ТЖ департаменті «BIGroup» құрылыс компаниясымен бірлесіп «Әр үйге қауіпсіздік!» ауқымды акциясын өткізеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бәйге түрлері бойынша Елбасы кубогына республикалық турнир өткізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.