3 шілдеден бастап Ақмола облысында карантин күшейтілмек

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларына өзгерістер мен толықтырулар туралы» жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде өткізуге тыйым салынып отыр. Ал, ойын-сауық орындарысыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді.

«Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция және т.б. өткізуге), отбасылық іс-шаралар (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелері (түнгі, ойын клубтар және басқа да), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындарының (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салынады. Мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, көрме өткізуге, (ашық ауада) марафон өткізуге, «Ashyq» жобасына қатысатын банкет залдарында 30 адамнан асырмай, ас беруді қоспағанда, ас беруге тыйым салынады», - делінген құжатта.

Сонымен бірге, кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынсын. 25 адамнан артық емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне жол берілмейді. Тұрақты емес облысаралық (туристік тасымал) қозғалысы, тұрақты емес облысаралық, қалааралық (шағын автобустар) қозғалысы, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балаларға ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) қызметін тоқтатады. Тек ашық ауадағы аттракцион қызметіне рұқсат беріледі.

Бұдан бөлек, бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулинг клубтары, мәдениет объектілері, кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония, көрермендермен бірге спорт іс-шараларына тиым салынады.

Ал, қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының, жалпы вагонсыз жолаушылар поездарының қозғалысына, сондай-ақ, толтырылуы 30 пайыздан артық емес балалар сауықтыру ұйымдары қызметіне рұқсат беріледі.

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын, ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады. Келушілер санын 30 пайыздан артық емес және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған, (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары қызметіне рұқсат беріледі. Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, ауданы 500 ш.м. артық сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауарлар дүкендері (қойма үй-жайларынсыз жалпы ауданы ескеріледі) сенбі және жексенбіде жұмысын тоқтатады. Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондары қызметіне тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылғы 3 шілдеде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар