3 тамызда Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамызда еліміздегі қалалардың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды, деп хабарлайдыҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтемен жасап.
Сипоптиктердің хабарлауынша, 3 тамыз күні Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.