3 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 3 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

3 желтоқсан БЕЙСЕНБІ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні туғанынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.

БҰҰ мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғындарының әр 10-ыншысының яғни 600 миллионының мүмкіндігі шектеулі. Олардың 490 мыңға жуығы - қазақстандықтар.

ЕСТЕ ҚАЛАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 2 жыл бұрын (1993) Бішкекте құрылған рухани байлықтың қайта түлеуіне жәрдемдесуші «Руханият» халықаралық қауымдастығы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Жыл адамы» құрметті атағын берді.

1 6 жыл бұрын (1999) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті. Ол дипломаттар алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның инвестиция тартудан әлемдегі алдыңғы 20 мемлекеттің қатарына кіретінін атап өтті. Елдің сыртқы саясатының жан-жақтылығына сипаттама берді.

1 6 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қорын тарату туралы» Жарлығы жарық көрді.

1 1 жыл бұрын (2004) Қостанайда ұлттық қазақша күрестің облыстық федерациясы құрылды. Бұл спорттың түрі осы облыста жақсы дамып келе жатыр. Облыстық қазақша күрес федерациясының төрағасы Қазақстанның жастар арасындағы бұрынғы чемпионы Жанат Қартбаев болды.

1 1 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» Халықаралық қоғамы арасындағы SOS балалар қалашығын құру жөніндегі Шартты бекіту туралы» Заңға қол қойды.

10 жыл бұрын (2005) Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Ермек Аманшаевтың «Қасірет драмасы» атты туындысы бойынша жаңа қойылымның премьерасы болып өтті.

Қойылымды театрдың жас режиссері Асхат Маемиров сахналады. Драмада шығармашылық адамының жиынтық бейнесі сомдалып, оның қоғаммен қарым-қатынасы өзек етіп алынған. Жасандылық оған жат, сондықтан кереғарлықтар жайлаған ортаға көндігуі де қиынға түседі.

Ермек Аманшаев - танымал сыншы, жазушы және драматург, көптеген кітаптар мен деректі фильмдердің авторы. Оның туындылары еліміздің көптеген ірі театрларында сахналанған.

8 жыл бұрын (2007) алғашқы рет Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әйгілі ағылшын драматургі Бернард Шоудың «Адам арбайтын үй» шығармасы бойынша қойылған спектакльдың премьерасы болып өтті.

Пьесаны қазақшалаған - Құжырғали Төлеуішев, сахналаған - Мұқанғали Томанов. Басты рольдерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов, Ақмарал Амандықова, Бибігүл Исалиева сомдаған.

«Адам арбайтын үйде» махаббат пен сатқындық, шындық пен көлгірлік, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық - бәрі де көрініс тапқан. Ақыры ақиқатқа барар жолды таппаған басты кейіпкер атылып өледі.

7 жыл бұрын (2008) Қарағандыда Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды. Қола ескерткіш С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының жаңа ғимаратының алдында орнатылған. Жобаның авторы - алматылық мүсінші, Қазақстан Республикасы өнеріне еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Ленин комсомолы сыйлығының иегері Бақытжан Әбішев.

6 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мемлекет басшысы сонымен қатар жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуға және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың басқа да қосымша шараларын белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және денсаулық сақтауды бірыңғай басқару жүйесінің тиімді және ашық жұмыс істеуіне жағдай жасауға, оны қаржыландыруды жетілдіруге және жалпы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

6 жыл бұрын (2009) Қазақстанда тағы екі халықаралық пошта маркасы шығарылды.

Маркалар табиғаттың фауна мен флора түріне арналған. Олардың бетінде долана өсімдігі мен итаю бейнеленген. Әрқайсысы 180 теңгеден тұратын 100 мың данадан шығарылды.

Қазпошта маркаларында бұдан бұрын да суреттелген жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

5 жыл бұрын (2011) еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бірқатар белгілі мәдениет қайраткерлері, КСРО және Қазақстан халық әртістері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын қабылдау ұсынысымен хат жазды.

3 жыл бұрын (2012) Түрік Республикасында Түркияның ірі провинцияларының бірі Невшехире орталығында «Қазақстан» саябағы ашылды.

Осыған орай қаладағы орталық Конгресс-холлда «Президент Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның негізін қалаушы және лидер» конференциясы және ҚР Тұңғыш Президенті туралы фотокөрме, кітап көрмесі (Оның ішінде Н.Назарбаевтың кітаптары болды) ұйымдастырылды.

5 7 жыл бұрын (1958) кеңес ғалымдары айда жанартау атқылағанын бақылады.

ЕСІМДЕР

10 7 жыл бұрын (1908-1993) жазушы МАЛҚАРОВ Омарбай дүниеге келген.

Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Қазақ педагогикалық институты жанындағы жұмысшылар факультетін бітірген. Алматыдағы мемлекеттік екі жылдық мұғалімдер институтында оқыған. 1938 жылы КСРО Ғылыми академиясының Алматыдағы филиалында жұмыс істеген. 1937 жылдан өлең жаза бастаған. 1938 жылдың аяғында Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларының жұмысын басқару үшін тұрақты өкіл етіп жіберген. Ол бұл жұмыста он бес жыл бойы, сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан» газетінде он жылдан аса қызмет атқарған. Ақынның «Оңтүстік жырлары», «Мен ат үстіндемін», «Оңтүстік аспаны» «Қайнар» атты жыр жинақтары жарық көрген.

10 5 жыл бұрын (1910-1975) аудармашы ЖАНҒАЛИН Мұхтар дүниеге келді.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік бірлескен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мұрағат басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Әдеби қызметін 30-жылдары қоғамдық-саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, үнді жазушысы П.Чанданың «Тха Хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударған.

10 1 жыл бұрын (1914-1979) Қазақ КСР Білім беру үздігі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі БАЙНАЗАРОВ Калям дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Ақтөбе мұғалімдер институтын бітірген. Жангелді және Бірлестік аудандарының орта мектебі мұғалімі, Боровской қазақ орта мектебінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1946-1974 жылдары - Боровской педагогикалық училищесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 1974-1977 жылдары - Меңдіқара қосалқы мектебінің басшысы. 1977-1979 жылдары - Рудный қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училещесінің математика пәні оқытушысы. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесінде төрт үздік студентке К.Байназаров атындағы арнайы стипендия тағайындалған. Тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылған.

7 2 жыл бұрын (1943) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ОМАРБАЕВ Қанат Нұрмұхаметұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Панфилов ауданында туған. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын, 1973 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1974 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының құрамында еңбек етіп, опералық спектакльдерде жетекші партияларды орындайды. 1990-1995 жылдары Алматы театр және кино институтында (қазіргі Қазақ Ұлттық өнер академиясы) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып еңбек етті. Қазір - зейнеткер.

Медальдармен, грамоталармен марапатталған.

67 жыл бұрын (1948) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі ҚОЖАХАНОВ Шәміл дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазір республикалық «Заман-Ту» акционерлік қоғамының президенті. Суретші-дизайнер ретінде көптеген мұражайларды көркемдеуге атсалысқан. Қожахановтың туындылары ТМД елдерінде және басқа да көптеген мемлекеттерде ұйымдастырылған көрмелерге қойылды. Шығармалары республикадағы, шет елдердегі мұражайлар қорында және жеке жинақшылардың иелігінде сақтаулы.

6 7 жыл бұрын (1948) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы ӘБДІНӘБИЕВА Ғазиза дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1969-1993 жылдары Қазақ жастар мен балалар театрының актрисасы болған. Ол Б.Майлиннің «Шұғасында» Шұға, Ш Айтматовтың «Арманым, Әселімде» Әсел, А.Чеховтың «Шағаласында» Аркадина, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Кәләй, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Райхан, М.Әуезовтың «Қаракөзінде» Мөржан, У.Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда, тағы басқада рольдерді орындады. «Тоғысқан тағдырлар» (Роза) және «Қарашегертке» (Марго) телесериалдарына, «Ләйләнің намазы», тағы басқа көркем фильмдерге, балаларға арналған телебағдарламаларға түскен. Гастрольдік сапармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.

5 5 жыл бұрын (1960) ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі ТІЛЕУБЕКОВ Ғани Өтенұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Республикалық комсомол мектебі жанындағы бір жылдық курсты бітірген.

1988 жылдан - Алматы жеңіл өнеркәсіп технологиялық техникумында саяси экономия оқытушысы. 1989 жылдан - орта мектепте мектептен тыс және сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. 1990 жылдан - Қазақстанның комсомол органдарында жауапты қызметтерде, коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасады. 1997 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігінде аға маман. 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Кеңсесінде сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Кеңсесінде жалпы бөлім меңгерушісі. 2004 жылдан - ҚР Президенті Кеңсесінде мемлекеттік құпияларды және ақпараттандыруды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі.2005 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік құпияларды және ақпараттандыруды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2008 жылға қазаннан бері.

4 5 жыл бұрын (1970) «Астана» футбол клубының президенті ХАМИТЖАНОВ Саян Жақсыгелдіұлы дүниеге келді

2001-2003 жылдары Туризм және спорт департаментінің директоры. 2001-2004 жылдары «Жеңіс» футбол клубының президенті, 2005-2007 жылдары «Алматы» футбол клубының президенті, 2006 жылдан Қазақстан футбол одағының бас директоры. 2007 жылдың 28 тамызынан - Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті. 2008 жылдың 21 наурызынан - Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы. 2012 жылғы 30 мамырдан - Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті. 2013 жылдан - Құрама командалар комитетінің төрағасы. 2014 жылдың 11 сәуірінен - Қазақстан футбол федерациясының қоғамдық бастамалар жөніндегі вице-президенті. 2015 жылдың ақпанынан қазіргі қызметте.

37 жыл бұрын (1978) Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры НӘРІКБАЕВ Талғат Мақсұтұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1996 жылы Алматы қаласында орта мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетіне түседі. 1999- 2000 жж. - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясында оқиды. 2002 - 2004жж. - Мәскеу қаласында оқыған. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының Алматы аудандық ішкі істер басқармасы бөлімінің тергеушісі қызметінде бастаған. 2000-2006 жж.- ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды. 2006 ж. - ҚР сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазГЗУ» АҚ президенті, Басқарма төрағасы, 2013 жылдың 1 мамырынан - ректор. 2007 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Ғылыми еңбектері қылмыстық құқық және криминология мәселелері бойынша. Марапаттар және ерекшеліктер: «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008), ҚР ҰҚК төрағасының алғыс хаты, ҚР ҰҚК 3-дәрежелі төсбелгісі.

220 жыл бұрын 1795-1879) қазіргі поштаны жасаушы Роулэнд ХИЛЛ дүниеге келді.

131 жыл бұрын (1884-1963) Үндістанның саяси және мемлекет қайраткері, 1952-1962 жылдардағы Үндістан президенті Прасад РАДЖЕНДРА дүниеге келді.

90 жыл бұрын (1925-2009) Корея Республикасының 1997-2003 жылдардағы президенті Ким Дэ ЧЖУН дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар