3 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (3 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

20 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

11:00-де елордада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

13:00-да «Тарлан» мұз айдынында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған парахоккей бойынша бірегей таныстырылым және шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

15:00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК магистральдық құбырлар мен тарату желілері арқылы су беру, ағын суларды бұру және тазарту, магистральдық құбырлар арқылы техникалық су беру бойынша 2025 жылға арналған қызметтер тарифін өзгерту өтініші бойынша жария тыңдау өткізеді.

16:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония концерт залында «Volunteer FEST-2024» марапаттау фестивалі өтеді.

Соңғы жаңалықтар