3 жыл ішінде Қазақстан ауылдарына жоғары жылдамдықты ғаламтор жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ауылдарында үш жыл ішінде оптоталшықты желі пайда болады, бұл 3,2 млн. абоненттің секундына 20 Мбит жылдамдықпен ғаламторға қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Kazpravda.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты.

3 жыл ішінде Қазақстан ауылдарына жоғары жылдамдықты ғаламтор жеткізіледі

«Бүгін ауылдарда Ғаламтор EVDO, сондай-ақ ADSL және FTTН технологиясы бойынша таралады, ол секундына 3 Мбит жылдамдық береді. Бұдан басқа, 1150 ауылда байланыстың оптоталшықты желілері арқылы қазірде 3,2 миллион адам ғаламтормен қамтылған. Келесі жылы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп біз «Ауылдағы оптикамен» ауқымды жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Оны іске асыру кейінгі үш жыл ішінде ауылдық жерлерде оптоталшықты желі салуды болжайды, бұл тағы да 3,2 млн. абоненттің секундына 20 Мбит жылдамдықпен Ғаламторға қолжетімділігін қамтамасыз етеді», - деп ойымен бөліті БАА басшысы.

Ол бастапқы кезеңде 1 328 ауылдық елді мекендердің 2,3 миллион тұрғынын қамтамасыз ететінін атап өтті, кейіннен 2 600 елді мекенді қамтитын болады.