3 жылда екi мыңға жуық қазақстандық шетелде көз жұмды - СІМ

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Статистика сүйенсек, соңғы 3 жылда екi мыңға жуық қазақстандық шетелде көз жұмған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

3 жылда екi мыңға жуық қазақстандық шетелде көз жұмды - СІМ

Министрдің айтуынша, шетелде көз жұмған қазақстандықтардың 95 пайызы ТМД елдерiнде қайтыс болған.

«Қазiр сапар жасауға қауiптi елдер туралы жедел ақпарат тарататын сайт әзiрленіп жатыр. Сонымен қатар, Сирияда, жақында ғана қақтығыстар орын алған Таиланд пен Мысырға сапар жасау қауiптi болып табылатыны азаматтарға дер кезінде ақпарат таратып жатырмыз. Әрине, кім қайда барамын десе де еркі, бiздiң азаматтарымыз қалаған жерлерiне бара алады. Дегенмен, бiз оларды сақтандыруға және қиын жағдайға душар болғанда қандай шара қолдануы тиiс екендерi туралы хабардар етуге міндеттіміз», - дедi СIМ басшысы.