3 жылда инноваторлардың 396 идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға мемлекеттен көмек берілді
Инновациялық даму үрдісінің үйлестірілуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған Агенттік коммерциялау жүйесін, инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту, инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау көрсету және инновациялық қызметті көпшілікке таратуда ел дамуына елеулі үлес қосып келеді.
2010-2013 жылдар аралығында инновациялық гранттар бойынша 1097 жоба қарастырылды. Жалпы құны 9 млрд. теңгені құрайтын 173 жоба қаржыландыруға сай деп танылды. Сонымен қатар, 7 қазақстандық венчурлық қор құрылып, 18 инновациялық жобаны қаржыландырды.
Айта кету керек, 2010-2013 жылдар аралығында тиімді инновациялық инфрақұрылым жасақталды. Оның құрамына 8 технопарк, 4 конструкторлық бюро, 21 коммерцияландыру кеңселері, 5 аймақтық коммерцияландыру кеңселері мен халықаралық деңгейдегі 2 технологиялардың трансферті орталықтары кіреді.