30 градустық аяздарға байланысты Астана мектептерінде сабақтар болмайды

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Қатты аяздарға байланысты Астана қаласының мектептерінде сабақтар болмайды.

30 градустық аяздарға байланысты Астана мектептерінде сабақтар болмайды

Қалалық Білім беру басқармасынан мәлім еткендей, сабақтар бірінші ауысымда 1-9 сыныптар аралығында оқитын оқушылар үшін болмайды. Елордада таңертең ауа температурасы -32 градусты құрады.

Ал синоптиктердің болжамына жүгінсек, Астанада күн ашық, аязды болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа бағамы күндіз -26-28 градусты көрсетуі тиіс.