30 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 30 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР солтүстік аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуімен байланысты аздаған қар жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.