30 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 30 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1969) ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Пірмұхамедұлы КҮЗИЕВ дүниеге келді.

 Зәкіржан Пірмұхамедұлы КҮЗИЕВ
Фото: senate.parlam.kz

Алматы қаласында туған. Кәсіби-техникалық училищені, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін бітірді.

Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде 5 разрядты ағаш шебері-станокшы, 1991-1992 жылдары «Четыре и К» шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорнының шеф-монтаж бөлімінде нұсқаушы, 1992-1993 жылдары «Единство» Шағын мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, 1993-1996 жылдары «Назигум» шағын жеке кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеген. 1996-1999 жылдары «Универсал» АҚ Президенті, 1999-2005 жылдары «Универсал» ЖАҚ директоры, бас директоры, «Бент-Анак» БК бас директоры, 2005-2008 жылдары «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС бас директоры, 2008-2010 жылдары «Универсал» ЖШС Президенті, бас директорының кеңесшісі, 2016 жылдан бастап «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС директор кеңесі басқармасының, «Универсал» ЖШС төрағасы болып қызмет атқарған. 2020-2022 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.

«IMPORT EXPORT AWARD» орденімен (2014); «Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Жылдың үздік топ-менеджері» («Best Manager of the Year») халықаралық дипломымен және Құрмет белгісімен (2012) марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Алтын сапа», «Үздік кәсіпкер» (2007), Алматы облысында да, Қазақстан Республикасында да өндіріс саласындағы «Үздік кәсіпкер» (2007) сыйлықтарына, интеграциялық процестерді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «United Europe» (біріккен Еуропа) халықаралық сыйлығына (2007) ие болды.

47 жыл бұрын (1978) Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрғали ЖОМАРТ дүниеге келді.

Нұрғали ЖОМАРТ
Фото: instagram.com/shymkent_prokuratura/

Шымкентте туған. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2005-2010 жылдары ҚР Бас прокуратурасында түрлі қызметтерде жұмыс істеді. 2010-2021 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы, Кентау қаласы, Абай және Сарыағаш аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарған.

46 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Амангелдіұлы ТЮМЕЛИЕВ дүниеге келді.

Еркін Амангелдіұлы ТЮМЕЛИЕВ
Фото: baq.kz

Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары ҚР Ішкі істер органдарында қызмет атқарды, 2001-2014 жылдары қаржы полиция органдарында қызмет етті, оның ішінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаменті Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаменті 4-ші тергеу басқармасының басшысы, 2019 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаменті 1-ші тергеу басқармасының бастығы, 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Тергеу департаменті 1-ші тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2020-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1985) «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Қуат Төлегенұлы ЖОЛДЫБЕКОВ дүниеге келді.

Қуат Төлегенұлы ЖОЛДЫБЕКОВ
Фото: qazexpocongress.kz

Абай облысында туған. 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2009 жылы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы KDI School of Public Policy and management оқу орнын экономика және бизнес магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2007-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшысы, 2008-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сарапшысы, 2011-2013 жылдары Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді және іске асыруды бағалау секторының сектор меңгерушісі, аға сарапшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Өңірлердің жүйелік проблемаларын талдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс атқарған. 2014-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, штаттан тыс кеңесшісі қызметінде болды. 2016-2020 жылдары «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі, 2020 жылы Дүниежүзілік Банктің жобаны басқару тобының жетекшісі, 2020-2021 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ инвестициялық жобалар жөніндегі Қоғамдық комиссиясының төрағасы, 2021 жылы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Маркетинг және инвестициялар тарту департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап – BIO-LINE Group компаниясының басқарушы директоры, коммерциялық директоры. 2022 жылғы 12 желтоқсанда «QazExpoCongress» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры болып сайланды (ҚР Сауда және итеграция министрлігінің 12.12.2022 ж. № 476 - НҚ бұйрығы).

111 жыл бұрын (1914-1937) жазушы, журналист Саттар ЕРУБАЕВ дүниеге келген.

 Саттар ЕРУБАЕВ
Фото: Wikipedia

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан жеті жылдық мектебін бітіріп, сонда аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарих-философия-лингвистика институтын бітірген. 1933 жылы «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ, Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің арнайы шақыртқан телеграммасымен елге оралды.

Алдымен «Ленинская смена», кейіннен «Лениншіл жас» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Мұнымен қатар, Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасында ассистент болып, лекция оқыды. Біраз уақыт «Лениншіл жас», «Қарағанды пролетариаты» газеттерінде жауапты редактордың орынбасары болды. Өзінің болашақ романы – «Менің құрдастарымның» материалын осы кезеңде дәл осы жердегі өмірден жинақтаған.

Қазақстан жазушылары одағының I съезіне делегат болып қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі. 1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалды. Толық аяқтап үлгермегенмен, «Менің құрдастарым» романымен, көркем әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, суреттеме-очерк, мақалалары арқылы – публицист, өлең-жыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы – ақын ретінде ол туған әдебиеті тарихынан өз орнын алды. 1966 жылы «Менің құрдастарым» романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

Соңғы жаңалықтар