30 қаңтар. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
10 9 жыл бұрын (1914-1937) жазушы, журналист Саттар ЕРУБАЕВ дүниеге келген.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен, ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан жеті жылдық мектебін бітіріп, сонда аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарих-философия-лингвистика институтын бітірген. 1933 жылы «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ, Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің арнайы шақыртқан телеграммасымен елге оралды.
Алдымен, «Ленинская смена», кейіннен «Лениншіл жас» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Мұнымен қатар, Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасында ассистент болып, лекция оқыды. Біраз уақыт «Лениншіл жас», «Қарағанды пролетариаты» газеттерінде жауапты редактордың орынбасары болды. Өзінің болашақ романы – «Менің құрдастарымның» материалын осы кезеңде дәл осы жердегі өмірден жинақтаған.
Қазақстан жазушылары одағының I съезіне делегат болып қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі. 1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалды. Толық аяқтап үлгермегенмен, «Менің құрдастарым» романымен, көркем әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, суреттеме-очерк, мақалалары арқылы – публицист, өлең-жыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы – ақын ретінде ол туған әдебиеті тарихынан өз орнын алды. 1966 жылы «Менің құрдастарым» романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.
6 3 жыл бұрын (1960) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Асқар Жүнісбекұлы ЖҮНІСБЕКОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын инженер-механик (1983); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1994).
Еңбек жолы: «Аягөз құрылыс-27» трестінің ОӘК инженер-диспетчері (1983-1984); Семей облысы Ішкі істер басқармасының Абыралы аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, қылмыстық іздестірудің жедел уәкілі, жедел уәкілі, кезекші орынбасары (1984-1993); Семей облысы Ішкі істер басқармасының Абыралы аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы (1993-1997); Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотының төрағасы (1984-1993); 1997-2000 жж.); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Шығыс қазақстан облысы соттарының әкімшісі (2000-2002); Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы (2008-2017).
Қазіргі қызметінде 2017 жылдың қазанынан бастап.
5 9 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Әмір Қасымбекұлы ХАЛЫҚОВ дүниеге келген.
Қостанай облысында туған. Челябинск жоғары танк училищесін (1985); Бронды танкі әскерлері әскери академиясын (1996); РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын (2009) бітірген.
ГДР-дағы (Шығыс Германия) әскери бөлімде взвод, рота командирі (1985-1989); ҚР ҚМ Сарыөзек танк батольоны командирінін орынбасары (1991-1992); Алматы танк батальоны командирі (1992-1996); Үшарал мотоатқыштар бригадасының командирі (1996-1999); ҚР ҚМ Сарыөзек дивизия штабының бастығы (1999-2000); Аягөздегі механикаландырылған дивизияның командирі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының бірінші орынбасары (2000-2007); «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2009-2010); ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлер Бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - әскери дайындық бас басқармасының бастығы (2010 жылдан) болды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, көптеген медальдармен наградталған.
5 4 жыл бұрын (1969) ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Зәкіржан Пірмұхамедұлы КҮЗИЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
Еңбек жолы: «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде 5 разрядты ағаш шебері-станокшы (1990-1991); «Четыре и К» шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорнының шеф-монтаж бөлімінде нұсқаушы (1991-1992); «Единство» Шағын мемлекеттік кәсіпорнының директор орынбасары (1992-1993); «Назигум» шағын жеке кәсіпорнының директоры (1993-1996); «Универсал» АҚ Президенті (1996-1999); «Универсал» ЖАҚ директоры, бас директоры, «Бент-Анак» БК бас директоры (1999-2005); «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС бас директоры (2005-2008); «Универсал» ЖШС Президенті, бас директорының кеңесшісі (2008-2010); «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС директор кеңесі басқармасының, «Универсал» ЖШС төрағасы (2016 жылдан); Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары (2020-2022).
«IMPORT EXPORT AWARD» орденімен (2014); «Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Жылдың үздік топ-менеджері» («Best Manager of the Year») халықаралық дипломымен және Құрмет белгісімен (2012) марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Алтын сапа», «Үздік кәсіпкер» (2007), Алматы облысында да, Қазақстан Республикасында да өндіріс саласындағы «Үздік кәсіпкер» (2007) сыйлықтарына, интеграциялық процестерді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «United Europe» (біріккен Еуропа) халықаралық сыйлығына (2007) ие болды.