30 қаңтарда ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 30 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

қар
Фото: Pexels

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын (негізінен қар) жауады. 

Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

ҚР бойынша тұман түседі, көктайғақ, боранмен бірге жел күшейеді.