30 қаңтарда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 30 қаңтар күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
11:00-де ҚР Ұлттық музейінде Мәжіліс депутаттары Ардақ Назаров пен Айдарбек Қожаназаровтың музей қорына экспонат тапсыру рәсімі өтеді.
12:00-де MNU ғимаратында танымал сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтың қатысуымен ашық дәріс өтеді.
14:00-де ЕО-ның санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі, мырза Дэвид О’Салливан Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында қазақстандық ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер жоспарланған. Арнайы өкіл сапар қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Қазақстанның Ұлттық құрамасын Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді.