30 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 30 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде «BOLASHAK: Strategic Partnership and Cooperation» атты білім беру форумы өтеді.
9.00-де Hilton Astana қонақ үйінде «Атом энергетикасы-энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі» атты сараптамалық панельдік пікірталас өтеді.
9.00-де «Комфорт» қонақ үйінде «Иммундық патруль» оқу модулін орта білім беру мазмұнына енгізу» пилоттық жобасын дайындау және іске асыру бойынша республикалық кеңес өтеді.
9.00-де Қан орталығында Respublica партиясы «Қан тапсырып, өмір сыйла» акциясын өткізеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.
11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде отырыс өткізеді.
11.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде әскери авиацияның дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.