30 қараша күні ауа райы қандай болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 30 қараша күні жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Алакөл көлінің аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерін тұман басып, 18 м/с екпінде жел соғады.