30 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

30 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

9.00-де Park Inn Radisson қонақ үйінде «Сот жүйесін реформалаудағы қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіру келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.30-да Отан қорғаушыларына арналған монумент маңында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Астана-Алматы» марафоны басталады.

11.00-де ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Тұңғыш Президент күніне арналған «Отан, Елбасы, Жас Сарбаз» салтанатты шарасы өтеді.

11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылады. Іс-шара аясында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» кітап көрмесі мен «Ұлт тірегі - Елбасы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

11.00-де Полиция департаментінде Астана қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Тахир Әбдірахманов, «Білім беру технопаркі» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Федор Вассерман және Астана қаласының білім басқармасының өкілі Гүлім Жүсіпова брифинг өткізеді.

12.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Сократ альманахы» журналының тұсаукесері өтеді.

14.30-да «Назарбаев Орталығы» ғимаратында Тұңғыш Президент күніне орай «Нұр Отан» партиясы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтеді.  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.С. Әшімбаев Қазақстанның әр аймағынан келген 20 кандидатқа партиялық билеттерді табыс етеді. 

16.00-де ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығында Заң шығару қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның 467-отырысы басталады.

19.00-де Назарбаев университетінің Медицина мектебінде «Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертханасы Қазақстандағы достар Ассоциациясы Тель-Авив университетімен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдар мен өнертапқыштарды біріктіретін TOM: Makeathon «Astana» халықаралық әлеуметтік жобасының 3-кезеңін өткізеді.

19.00-де Астана қаласы «Астана» концерт залында ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Астана қаласы мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен «Әзірет қонған Түркістан» концерті және Ясауи жайлы көрме өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Арт-Шығыс базары» Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылады, оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресейден келген 150 шебер қатысады.

11.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «7-20-25» бағдарламасы туралы, валюта бағамы және 2018 жылы атқарылған жұмыс туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11.30-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты музыкалық кеш өтеді. Кеш барысында Мемлекет басшысының өмірі туралы бейнефильм көрсетіледі.

15.00-те Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел қолдаған Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

12.00-де қазақ күресінен қоғам жəне мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған  жасөспірімдер арасында республикалық турнир ашылады.

ТҮРКІСТАН

10.30-да Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтеді. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысады.

ШЫМКЕНТ

15.00-де «Отырар»  ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Тұңғыш Президентіне арналған арнайы зал ашылады.

17.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.  Акцияның мақсаты - кез-келген құқықтық мәселе бойынша халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету.