30 қараша. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 30 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь
Фото: Kazinform

68 жыл бұрын (1955) медицина ғылымының докторы, профессор Жақсылық Ақмырзаұлы ДОСҚАЛИЕВ дүниеге келген.

Ақтөбе облысы Алға қаласында туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Кейіннен КСРО МҒА Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында клиникалық ординатураны бітірген.

Еңбек қызметін Алға аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастап, содан бас дәрігердің орынбасары болып қызмет істеді. 1988 жылдан Ақтөбе Мемлекеттік Институтында аға лаборант, әрі қарай жалпы және госпитальдық хирургия кафедрасында ассистент болып қызмет істеді. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1993 жылдан 1995 жылдарда А.Н. Сызғанов атындағы Ғылыми-зерттеу институтындағы клиникалық және эксперименттік хирургияда қызмет атқарды, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер жолын өтті, ал 1995 жылдан эндоскопиялық хирургия бөлімін меңгерді. 1998-2000 жылдары Ақтөбе Мемлекеттік медицина академиясының ректоры болып қызмет атқарды.

2000-2001 жылдары - Денсаулық сақтау жөніндегі ҚР Агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2004-2007 жылдары «Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы» РМҚМ-нің ректоры болып қызмет етті. 2007-2008 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдениеттік дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы. 2008-2010 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары - Ұлттық ғылыми медицина орталығының органдарды трансплантациялау орталығының ғылыми қызметкері, жетекшісі. 2013 жылдан бастап - Трансплантология бойынша республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденімен, М. Ломоносов орденімен және «Гиппократ» орденімен марапатталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы.

50 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Қуатұлы ЕСІМХАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (1996), мамандығы - бизнес және менеджмент; «Болашақ» институты (2007), мамандығы - заңгер.

Еңбек жолы: 1996-2000 жылдары «Қазақстан алюминийі» АҚ инженері, экономист-нормалаушы, екінші дәрежелі экономист; 2001-2003 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары; 2003-204 жылдары Астана қаласы бойынша Жиынтық талдау және үйлестіру департаменті өңірлік бөлімшелері қызметін үйлестіру басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша Әкімшілік және аумақтық департаменті аумақтық, кадр жұмысы және мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының бастығы; 2004-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы бойынша департаментінің директоры; 2007-2008 жылдары Астана қаласы «Игілік групп-ХХI» ЖШС-ның қаржы директоры; 2008 жылы «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары; 2008-2010 жылдары Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы; 2010-2014 жылдары «Қазақэнергиясараптама» АҚ президенті; 2014-2018 жылдары ҚР энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы. 2018-2020 жылдары ҚР энергетика вице-министрі. 2020-2021 жылдары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2021-2022 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2022 жылғы тамыздан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1981) Орал қаласының прокуроры Мейірбек Сағындықұлы ТІЛЕУЛИЕВ дүниеге келді.

Орал қаласында туған. ҚР ІІМ Академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2007 жылдары – Орал қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі. 2007-2007 жылдары – Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры. 2009-2018 жылдары – Бас прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы және Бас прокурордың көмекшісі. 2018-2019 жылдары – Атырау облысы Құрманғазы ауданы прокуратурасының бастығы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап.

39 жыл бұрын (1984) спортшы, жеңіл атлет, ҚР Олимпиада құрамасының мүшесі, үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан тарихында қатарынан үш Олимпиадада жүлдеге ие болған алғашқы спортшы Ольга Сергеевна РЫПАКОВА дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиадалық спорт түрлері факультетін бітірді, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы.

1994 жылдан Өскемендегі №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетикадан спортшысы. 2000 жылдан Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер спорт мектебінде дайындықтан өтті. Лондон Олимпиадасында алтын, Бейжің және Рио-де-Жанейро Олимпиадаларында қола жүлде иеленді. XVI Азия ойындарының алтын, күміс жүлдегері. ҚР көпсайысынан бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (Венгрия, 2001) 4-орын алды, әлем чемионатының күміс жүлдегері (Ямайка, 2002); І Азиялық бессайыс ойындарының чемпионы және басқа да көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Ұзындыққа және үш қарғып секіруден үш мәрте (2007, 2008, 2009) Азия чемпионы. Бүкіләлемдік Универсиада чемпионы (2007). Әлем чемпионы (Доха, 2010). Жабық ғимаратта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы (Катар, 2010). Дүниежүзілік «Гауһартас лигасы» кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері.

38 жыл бұрын (1985) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Хамардинұлы ҚОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы American University in Dubai (қаржы және банк ісі), 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін (заңтану), 2017 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (логистика, көлік), 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей бұқаралық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын (өңірлік және муниципалдық менеджмент) бітірді.

Еңбек жолы: 2007-2010 жылдары – ҚР қаржы министрінің көмекшісі; 2010-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына-Инвест» ЖШС-нің инвестициялық жобалар департаментінің директоры; 2011-2013 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымы «Көлік логистикасын дамыту ұлттық орталығы» АҚ вице-президенті; 2013 жылы – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Көлік логистикасын дамыту орталығы» директорының орынбасары; 2013-2015 жылдары – «Көлік қызметтері орталығы» АҚ президенті; 2015-2018 жылдары – «KTZ EXSPRESS» АҚ логистика бойынша бас директорының орынбасары; 2018-2019 жылдары – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2019-2021 жылдары – Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2021-2023 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ логистика бойынша басқарушы директоры.

Қазіргі қызметінде 2023 жылдан бастап.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған.