30 қарашаға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады деп күтілуде, көктайғақ болады, тұман түседі, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола облысында 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с болады, тұман түседі деп болжануда, көктайғақ болады.
Қостанай облысында жел екпіні 17-22 м/с болады, кей жерлерде көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында бірқатар аймақтарда тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел екпіні 25 м/с болады.
Ақтөбе облысында кейбір аймақтарда боран соғады деп күтілуде, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-ке күшейеді.
Алдағы төрт тәулікте Батыс Алтайдың (ШҚО) жекелеген өзендерінде мұз қалыптасуына және жауын-шашын жаууына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алматы облысының аласа таулы аймағында жауын-шашын болады деп күтілуіне байланысты су шығыны ұлғаюы ықтимал. Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеу есебінен су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.