30 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 30 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

30 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА
Сағат 14.00-де «Қазмедиа» орталығында «Асыл Ана - Астана» республикалық фетивалі өтеді.

АЛМАТЫ
Сағат 09.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің стадионында аула клубтары арасында футбол лигасы басталады.

Сағат 10.00-де Халық шаруашылығы университетінің стадионында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында банк қызметкерлері арасында ашық спартакиада өтеді.

Сағат 14.00-де «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында IoT Хакатонының жобаларын таныстыру және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Хакатонның мақсаты - IoT технологияларының көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандардың қиындықтарын шешу.