30 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, екпінді жел болады, оңтүстігінің кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.
None
None

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Атырау, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік сақталады.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар