30 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

30 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы өтеді. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы jрталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің нәтижелері» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев; ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсайынова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

13.00-де Сыртқы істер министрлігінде онлайн форматта «Экология және жасыл өсу саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді.

15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру шаралары туралы брифинг өтеді.

Спикерлер: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр; ҚР ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев; ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов; ҚР энергетика министрі М. Мырзағалиев.

15.00-де Елбасы кітапханасының жаңа музейінде қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған «V Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары марапатталады.

15.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Ерлан Сыдықов халықпен, оның ішінде ата-аналар, оқушылар, жұмыс берушілер, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен білім, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметі мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтеді.

Онлайн қосылу үшін сілтеме: Youtube

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «Astana Musical» мемлекеттік театры өзінің VI маусымын ашық деп жариялайды.

Ұстаздар күніне орай театрдың жаңа маусымы «ЕНТ» драмасынан бастау алады.

Қойылымның басты қонақтары – елордалық ұстаздар.