18:55, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
30 мамырға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Республиканың батыс және солтүстік-батыс бөлігінде ғана атмосфералық ағындар ықпалымен ауа райы тұрақсыз сипат алады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Қызылорда, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Маңғыстау облысында, күндіз Қостанай, Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с дейін жел күшейеді.
Республиканың батысы және оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.