30 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

30 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Мәжілісте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

10.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы өтеді.

10.00-де Сарыарқа әкімшілігінің акт залында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй – құдірет» атты күй кеші өтеді.

12.00-де «Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі алдындағы баспасөз конференциясы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Астана қаласының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмудұлы. Көрсетілім сілтемелері.

19.00-де Жастар театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі сахналанады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» перфомансы ұсынылады.

19.00-де «Астана балет» театрында «Қозы Көрпеш-БАян сұлу» екі актілі балет эпосы қойылады.

19.00-де Бейбітшілік және Келісім Сарайында Folk Show Orchestra концерті өтеді.