30 миллиондай ересек американдық оқи да, жаза да алмайды

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - 32 миллион ересек американдық жаза да, оқи да алмайды екен және олар жұмысқа тұратын кезде осы сауатсыздықтарынан көп қиыншылықтарға ұшырайды,
None
None
деп хабарлайды АҚШ-тың ересек тұрғындарының арасында сауат ашу бағдарламасымен айналысатын американдық «Пролитераси» қоғамдық ұйымы АҚШ-тың Білім министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап. АҚШ-тың Халық санағы федералды бюросының мәліметтері бойынша, 2009 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша, ел халқының жалпы саны 305,7 миллион адамды құрап отыр. Аталмыш қоғамдық ұйым АҚШ Конгресіне әзірленіп жатқан америка экономикасына қолдау көрсету жөніндегі 825 миллиардтық пакетке ересек адамдардың арасында сауаттылықты арттыру бағдарламаларын қаржыландыруды да қосу туралы үндеумен шығып отыр.
Соңғы жаңалықтар