30 мыңнан астам жолаушы 2017 жылды пойызда қарсы алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың 29 желтоқсаннан биылғы жылдың 3 қаңтар аралығында жарты миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Оның 92 мың Астанаға тиесілі, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
30 мыңнан астам жолаушы жаңа 2017 жылды пойызда қарсы алды.
Жаңа жыл мерекелеріне орай өскен тасымалдау қызметін қамтасамыз ету үшін қосымша пойыздар қосылды.
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның өткізу процессімен айналысатын барлық бөлімшелері жаңа жылдық мерекелер кезінде ерекше тәртіппен жұмыс істеді. Пойыздардың толассыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жетекші құрам кезекшелігі ұйымдастырылды. Барлық теміржол тораптарында қауіпсіздікті күшейту аясында қосымша шаралар қабылданды», делінген хабарламада.
Жүк тасымалдау мен магистральдік желі жетекшілері мереке күндері станциялардағы қозғалыс қауіпсіздігін тексерді.
Сонымен қатар жолшыларда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан пойыздардың өткізілімін қадағалап, күшейтілген тәртіптемеде қызмет атқарды. Боран, көктайғақ пен тұманға байланысты сол күндері төрт көлік жоларналары жабылған.
Сонымен қатар, мереке қарсаңындағы алты күн ішінде 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 18 мың шақырым қар темір жолдарынан тазартылды. 120 мың текше метр қар жинап алынды.