30 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналаған «Отан. Армия. Жас Сарбаз» атты жаппай жүгіру өтеді.
Жаппай жүгіруге қатысушылар «Отан Ана» монументінен бастап, Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы – Сарайшық - Түркістан көшелері арқылы «Бәйтерек» монументі бағыты бойынша жүгіреді. Маршруттың жалпы ұзындығы – 3 км.
10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қалалық өкілдері «Birge-taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында «Жерұйық-2» саябағында жалпықалалық сенбілікке шығып, көшет отырғызады.
11.00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында инклюзивті черлидинг, чир-спорт және мажорет-спорт бойынша Қазақстан ашық турнирі өтеді.
11.00-де Президенттік клиникада Паркинсон ауруы бар пациенттер аурумен күресудің тиімді кейстерін бөлісетін форум өтеді.
12.00-де «Қызмет» салалық кәсіподағының орталық кеңесі мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының атқару комитеті Ұлттық ұланның №5573 әскери бөліміне барады.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы көрсетіледі.
19.00-де Жастар театрында «Пранк-махаббат» комедиясы көрсетіледі.