30 сәуірде Жамбыл облысындағы 4 ауыл мен 1 қаланың әкімі сайланады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 30 сәуір күні Жамбыл облысындағы 4 ауылдық округ пен 1 қалада әкім сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 сәуірде Жамбыл облысындағы 4 ауыл мен 1 қаланың әкімі сайланады

ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Жамбыл облысының Қордай, Сарысу және Шу аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына кандидаттарды тіркеді», - деп жазылған әкімдік сайтында жарияланған хабарламада.

Құжатқа сай, Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттар:

- Әбенов Бахтияр Хажымұқанұлы – 1987 жылы туған, «Қазсушар» РМК ЖФ «Қордай» өндірістік бөлімінің бастығы. «AMANAT» партиясы ұсынған.

- Аманбаев Самат Сәлімұлы – 1988 жылы туған, Әлжан ана ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры. Өзін-өзі ұсынған.

- Қабылтай Танат Үсеналыұлы – 1994 жылы туған, Қордай ауданы әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі. Өзін-өзі ұсынған.

Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттар:

- Буларов Хусеин Баширович – 1987 жылы туған, Масаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары. Сортөбе ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.

- Бауыржан Жәнетұлы – 1993 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы. Қордай ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.

- Нұрлан Мәди – 1982 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.

Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттар:

- Ерсейтов Жандос Байкадамұлы – 1989 жылы туған, «Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ бас маманы. Жаңатас қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

- Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы – 1974 жылы туған, Жайылма ауылдық округінің әкімі. Жайылма ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы» ұсынған.

- Советов Нұрсұлтан Саулетұлы – 1990 жылы туған, «Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ бас маманы. Жаңатас қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Шу ауданы Жаңақоғам ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттар:

- Майшекеев Марат Елубайұлы – 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Өзін-өзі ұсынған.

- Мамбеткұлов Еркңн Рахымбайұлы – 1974 жылы туған, Ескішу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсынған.

- Шаймаш Азамат Айдарұлы – 1991 жылы туған, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп директоры. Өзін-өзі ұсынған.

- Інжат Еламан Мұханбетханұлы – 1995 жылы туған, Шу ауданы әкімі аппаратының песоналды басқару бөлімінің бас инспекторы. Өзін-өзі ұсынған.

Шу ауданы Шу қаласы бойынша тіркелген кандидаттар:

- Жүніскұлов Базархан Кұрманалиұлы – 1988 жылы туған, Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы. Өзін-өзі ұсынған.

- Касымов Жұмабек Ерханұлы – 1963 жылы туған, Шу қаласы әкімі аппаратында мұрағатшы. Өзін-өзі ұсынған.

- Мұхаметжанов Қайсар Бейсенұлы – 1988 жылы туған, Шоқпар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсынған.

- Нұралиев Елдос Бекболатұлы – 1992 жылы туған, Қордай ауданы әкімінің орынбасары. Өзін-өзі ұсынған.

Қоса кетсек, бұған дейін Түркістан, Ақмола, Павлодар және Атырау облыстарына қарасты елді мекендердің әкімдерін сайлау өтетінін хабарлап едік.