30 сәуір күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 30 сәуір күні елордада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
15.00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейдің 10 жылдығы аясында «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтеді.
15.00-де «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры қоғамдық кеңесінің отырысы жоспарланған.
Жиын Айдар Қазыбаевтың төрағалығымен өтіп, қордың қайырымдылық қызметінің 2023 жылғы қорытындысына және 2024 жылғы жоспарына арналады.
18.00-де Астанадағы «Keruen» сауда және ойын-сауық кешенінің KinoPark кинотеатрында «Набат операциясы» фильмінің алдын ала көрсетілімі ұйымдастырылады.