30 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 30 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде мал шаруашылығын дамыту, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралады.
Сағат 11.00-де «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында «Қазақтелекомның» «Теле2» акцияларын сатып алу мәселесіне арналған баспасөз брифингі басталады.
Сағат 11.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында психоневрологиялық патологиялары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын тұлғаларға, 1040 адамнан тұратын І және ІІ топтағы мүгедектерге арналған «Қамқорлық пен мейірімге, махаббатқа толы 3 жыл» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады
Сағат 15.00-де № 9 қалалық емханада міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша баспасөз-тур өтеді.
Сағат 16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы басталады.
АЛМАТЫ
Сағат 09.30-да «Holiday Inn» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстандағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі USAID бағдарламасының жетістіктері» атты іс-шара өтеді.