30 тамыз. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 30 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн, күнтізбе
Фото: Pixabay.com

ЕСІМДЕР

Меруерт ҚАЗБЕКОВА, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Меруерт ҚАЗБЕКОВА
Фото: gov.kz

1961 жылы Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолы: 1983-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген. 1986-1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист. 1991-1992 жылдары Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі, 1992-2006 жылдары «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ - 007» ЖШС-нің қаржылық директоры, 2006-2008 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

1998-2002 жылдары Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде). 2000 жылы АҚШ-та тағылымдамадан өткен. 2001 жылы АҚШ-та «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. 2002-2006 жылдары Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде). 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші және 2016 жылдың наурыз айынан бастап алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2002-2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі. 2015-2021 жылдары алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы болды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы

Қайсар Сұлтанбаев
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

1968 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кременевка ауылында туған. 1990 жылы КСРО Рязань жоғары әскери автомобиль инженерлік Қызыл Ту орденді училищесін бітірген.

Еңбек жолы: 1990 жылы КСРО ІІМ Ішкі әскерлер басқармасының моторланған полк взводының командирі, 1992 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері дербес бригадасының автобронетанктік қызметінің бастығы, 1999-2014 жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының ІІД жол-патрульдік полиция басқармаларының бастығы, 2015-2017 жылдары ҚР ІІМ Орталық аппаратының автокөлік шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2017-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің бастығы, 2022-2023 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы, 2023-2025 жылдары ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы лауазымыне атқарған.

Қазіргі қызметін атқаруға 2025 жылдың қазанында кірісті.

Ризабек ОЖАРОВ, Қызылорда облысының прокуроры

Ризабек Ожаров
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

1972 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1996-2017 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінде, орталық аппаратта департамент бастығының орынбасары қызметінде еңбек еткен. 2017-2018 жылдары ҚР Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылы Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымын атқарған. 2019-2024 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Айдын РАЕВ, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары

Айдын РАЕВ
Фото: Қарағанды облысы прокуратурасы

1980 жылы Алматы облысының Көксу ауданында туған. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолы. 2002-2008 жылдары әскери прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. 2008-2019 жылдары Астана қаласы және Алматы облысы прокуратураларында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, 2019-2024 жылдары Алматы облысы Балқаш ауданының прокуроры, 2024-2026 жылдары Алматы облысы Алатау қаласының прокуроры болды.

Қазіргі қызметін 2026 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.

Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

Ербол Мырзабосынов
Фото: Gov.kz

1984 жылы Семей қаласында туған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ спорт және туризм академиясының PhD докторы.

Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының жаттықтырушы-оқытушысы, 2009-2013 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы, 2013-2014 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, 2018-2020 жылдары «Қызылжар арландары» спорт клубының директоры, 2020-2021 жылдары «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры, 2021-2023 жылдары Астана қаласы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры, 2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

Жұмабай ШАЯХМЕТОВ, кеңестік партия және мемлекет қайраткері

Жұмабай ШАЯХМЕТОВ
Фото: kazpravda.kz

1902 жылы Омбы облысының Борисов ауданында туған. Нариманов атындағы Мәскеу Шығыстану институтын бітірген (1933).

Еңбек жолы: 1919-1921 жылдары мұғалім, 1921-1923 жылдары болыстық атқару комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1923-1926 жылдары қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істеген. 1926-1928 жылдары «Қощы» одағы Петропавл уездік комитетінің жауапты хатшысы, 1928-1938 жылдары ОГПУ-НКВД органдарындағы жедел жұмыста қызмет атқарды. 1938-1954 жылдары НКВД Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстық басқармалары бастығының орынбасары; Үшінші, екінші, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, 1950-1954 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы болды.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ақпан (1954 ж.) Пленумында тың жерлерді жаппай игерудің ұсынылған бағдарламасының ауқымымен келіспегені үшін қызметінен шеттетілді. 1954 жылғы пленумнан кейін және 1955 жылғы мамырға дейін Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болды. 1955 жылы қаңтарда зейнеткерлікке шықты.

Шаяхметов 1966 жылы 17 қазанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ауруханасында қайтыс болды. Ол Алматы қаласының Орталық зиратында жерленген. Шымкент қаласындағы көшелердің біріне оның есімі берілді.