30 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 30 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
63 жыл бұрын (1961) ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Айтқажықызы ҚАЗБЕКОВА дүниеге келді.
Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты.
Еңбек жолы: 1983-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген. 1986-1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист. 1991-1992 жылдары Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі, 1992-2006 жылдары «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ - 007» ЖШС-нің қаржылық директоры, 2006-2008 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 1998-2002 жылдары Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде). 2000 жылы АҚШ-та тағылымдамадан өткен. 2001 жылы АҚШ-та «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. 2002-2006 жылдары Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде). 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші және 2016 жылдың наурыз айынан бастап алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2002-2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі. 2015-2021 жылдары алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы болды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
54 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы ЖЫЛҚЫШИЕВА дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтын, физика пәнінің мұғалімі мамандығы және 2006 жылы «Болашақ» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Жалағаш аудандық №31 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2001 жылдың 10 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына бас маманы ретінде бастаған. 2005 жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2005 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2007 жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2007-2011 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2011-2015 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2015 жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2016 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттінің басшысы, 2016-2018 жылдары Астана қаласы бойынша бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің этика жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі, басшы орынбасары, 2018-2021 жылдары Астана қаласы бойынша бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы болған.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
52 жыл бұрын (1972) Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Кәрімұлы ОЖАРОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1996-2017 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінде, орталық аппаратта департамент бастығының орынбасары қызметінде еңбек еткен. 2017-2018 жылдары ҚР Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылы Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымын атқарған. 2019-2024 жылдары ҚР Бас прокуратурасының
Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.